"Дұрыс тамақтана білеміз бе?" дөңгелек үстел » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » » "Дұрыс тамақтана білеміз бе?" дөңгелек үстел
24
февраль
2020

"Дұрыс тамақтана білеміз бе?" дөңгелек үстел

№8 жалпы білім беретін мектебінде 2020 жылдың 27 қаңтар-27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасы барысында білім алушылармен «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 7-9 сынып оқушылары қатысты.
Мектеп медбикесі Агадилова Ж. оқушыларға тамақтану тәртібі, тамақтанудың негізгі ережелері , тамақтану процесінің принциптері, тамақ ішу тәртібі туралы айтып өтті. Тамақтану сауаттылығының бес негізі
• 1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, May, көмірсу);
• 2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
• 3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
• 4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
• 5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Тамақтану тәртібі дегеніміз –ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
Сонымен бірге оқушылар топтаса отырып тапсырмалар орындады. Тапсырмалар легі төмендегідей болды:
1 тапсырма «Оқушылардың тамақтану тәртібі» Мұнда оқушылар медбикенің ұсынған мәліметтерін пайдалана отырып, тамақтану тәртібінің кестесін құрды.
2 тапсырма «Оқушылардың дұрыс тамақтануы туралы сауалнама» оқушылар берілген сауалнама сұрақтарына жауап берді. Сауалнама сұрақтары тамақ құрамындағы калориялар мен оның жұмсалуы, жас ерекшеліктеріне сәйкес қандай адамға қанша калория керектігін, дұрыс тамақтанудың қаншалықты ағзаға әсерін негіздеуге берілді.
3 тапсырма «Балаларға арналған сағыз зиян емес пе?» тақырыбында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Тапсырманы орындауда сағыздың зияны мен пайдасын қатар айта отырып, қорытынды жасады.
Оқушылар дөңгелек үстел соңында «Дұрыс тамақтану керек пе?» деген сұраққа жауап бере отырып, дұрыс тамақтану қағидаларын ұстану өте қажет және жас ағзаның қалыпты жағдайда дамуына тамақтанудың тигізетін әсері мол деген қорытындыға келді.

Похожие публикации:

13 февраль 2019 Nutrition
06 февраль 2019 №684 бұйрық
28 November 2018 Мектепке жол