Мектепке жол » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » Мектепке жол
28
November
2018

Мектепке жол

№8 жалпы білім беретін мектебінде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын 2018 жылғы 1 тамыздан- 30 қыркүйек аралығында өткізілген туралы
ХАБАРЛАМА
Ұраны: «Бақытты балалық шақ мекені!»
«Мектепке жол» акциясының мақсаты:
Күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және ҚР-ның заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ-киімінің және мектептік керек-жарақтарының жоқ болу себептеріне байланысты) сабақтарға балалардың келмеуінің алдын-алу.
Әлеуметтік тұрмысы нашар отбасына жұртшылық назарын аудару мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясын кең көлемде өткізіп, аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасыларына киім-кешектер мен оқу құралдарын алып беруді қамтамассыз етіп отырады.«Мектепке жол» республикалық акциясы біздің мектебімізде әр жылда өткізіліп отырады, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру барысында жоспар құрылады, ауыл көшелеріне рейдтер жасалады.
Биылғы оқу жылында мектебімізде 211оқушы болса оның 26-і әлеуметтік аз қамтылған көп балалы оқушылар жартылай жетім білім алушылар санатына жатады. «Қайырымдылық жәшігі» мектеп ғимаратында орналастырылып, барлық ұжым мүшелері ат салысты, сонымен қатар кәсіпкерлер мен меценаттарға шақыру билеттері таратылды.
Акция қорытындысында мектеп ұжымының, оқушылардың, кәсіпкерлер мен демеушілердің көмек беруімен 26 әлеуметтік аз қамтылған көп балалы оқушыларға киімдер, оқу-құралдары алып берілді. Осындай ұйымдастырған шаралары әрқашанда әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы әр балаға шаттық сыйлатыны баршамызға белгілі. Осы арқылы біз оқушыларымызға әрқашан қоғамнан тыс қалмағанын, әрдайым қолдау көрсетілетіндігін, қиын жағдайда қасынан табылатындығын дәлелдейміз және де осындай жылылыққа бөленген оқушы да болашақта жақсылыққа
ұмтылуға бейімделетінін көреміз.

Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылу, барысында 4 жартылай жетім, жағдайы төмен отбасылары 6 балалары және 16 көпбалалы отбасынан шыққан оқушылары анықталып, осы аталған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Ауылдың ілкімді азаматтарын, жеке кәсіпкерлерді, меценаттарды осы акцияға қатыстырып атсалысуға шақырылды.

Акция барысында жалпы соммасы 420 000 теңге көлемінде 26 оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтсақ, бюджеттік тыс қаражаттан аз қамтылған отбасы және де көпбалалы отбасы балаларына оқушыға мектеп формасы және мектеп құрал жабдықтарымен жәнеде мектеп сөмкесімен, спорттық киімдермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар демеушілік көрсеткен Назарбекова Ж. Демисинова А.Г, Бросалина Н.Г, оқу құралдары мен мектеп формасымен қамтамасыз етті. . Тамыз-қыркүйек айында жүргізілген рейдттер барысында кеден орталығы, компьютер – ойын клубтарында, егістіктерде жұмыс істеп немесе бос жүрген қараусыз, қадағалаусыз қалған және де балалардың қатысуымен болған қылмыстық істер анықталған жоқ. Тұрмысы төмен отбасылардың үйіне барып, әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары анықталып,зерделеу жүргізілді. Зерделеу барысында анықталған отбасылардың оқу жасындағы балаларын акцияға қатысқан меценат,демеушілердің көмегімен толық мектеп формасымен,спорттық киіммен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Акция шеңберінде түнгі уақытта жұмыс істейтін, сондай–ақ аймақта бала еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалануды дәлелдеу және анықтау үшін ішкі істер қызметкерлері, ауылдық округінің мамандары, ата – аналар комитеті және мектеп әкімшілігі балалар ұйымдарымен бірлесе отырып жедел алдын алу рейдттерін жүргізді. Акция барысында 26 оқушыға жалпы көрсетілген материалдық көмектің соммасы 420 000 теңгені (төрт жүз жиырма мың теңге) құрайды. Осы балаларға қолдау көрсетіп отырған төмендегідей мектептің медсенаттары мен демеушілері: ,Андас батыр округінің депутаты, Хасанбаев Б., Демисинова А.Г,Бросалина Н.Г, Сансызбаев Г.К, Мукашева А, Назарбекова Ж.Н. Сонымен қатар мектеп бітірушілері. Рейдке АІІБ мектеп инспекторы – Мырзабаев Р, ата – аналар комитетінің төрағасы –Әльжанов С.әлеуметтік педагог –Жуватова К.Ж мектептің ДТЖО –Бросалина Н.Г, мектеп психологы- Ковалева Л.Н.қатысты. Тамыз айында жүргізілген рейдттер барысында компьютер –шаруалар мен фермерлердің алқабы, егістіктерде жұмыс істеп немесе бос жүрген қараусыз, қадағалаусыз қалған және де балалардың қатысуымен болған қылмыстық істер анықталған жоқ. Тұрмысы төмен отбасылардың үйіне барып, әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары анықталып,зерделеу жүргізілді. Зерделеу барысында анықталған отбасылардың оқу жасындағы балаларын акцияға қатысқан меценат,демеушілердің көмегімен толық мектеп формасымен,спорттық киіммен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.Акция барысында түнде жүргізілген рейдттер бойынша түнде бос жүрген немесе еңбектің нашар түрімен айналысып жүрген оқушы балалар анықталған жоқ. «Мектепке жол» акциясы барысында жоспарланған іс-шаралар түгелдей өз деңгейінде орындалуда.
Оқушыларды оқулықпен қамту мақсатында отбасы жағдайы төмен, көп балалы жартылай жетім балаларды 100% қамтамасыз етілді. Жаңартылған білім жүйесі бойынша 2,5,7 сынып оқушылары 100 % оқулықпен қамтылды.
Ұсыныс: Акция барысында санаты бойынша анықталған оқушыларға әлеуметтік қолдау және көмек көрсету және оқушылардың себепсіз сабаққа келмеуінің алдын алу.

Похожие публикации: