«Отбасылық әл-ауқат» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » «Отбасылық әл-ауқат»
11
September
2025

«Отбасылық әл-ауқат»

2025-2026 оқу жылы 11-қыркүйек күні «Отбасы күніне арналған» жоспарға сәйкес «Отбасылық әл-ауқат» тақырыбында мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік тұрмыстық жай-күйін анықтау барысында осал отбасынан шыққан  әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларды анықтау, өгей әке-шешесімен тұрып жатқан балаларды анықтау, сенімхат негізінде ата-апасының, туыстарының қолында тәрбиеленіп отырған балаларды анықтау бойынша мектептердегі әлеуметтік педагогтар тарапынан отбасылардың үйлерін аралау рейдтік жұмыстары жүргізілді. 

Іс-шараның мақсаты: уәкілетті органдармен азаматтық қоғамның арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өзара іс-қимыл жасау механизмін қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне қатысты қойған міндеттерді орындау мақсатында жергіліктің атқарушы органдарының профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру болды.

Іс-шара барысында   комиссия құрамы Гранитогор ауылында өгей әке-шешесімен тұратын білім алушылардың тұрғылықты мекен-жайларында болып, ол отбасылардың әлеуметтік-тұрмыс жағдайы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас деңгейін тексеріп, зерделеді. 

Өгей ата-анасымен тұратын балалардың жеке құқықтық шегіннен аспау мақсатында ең алдымен бұл балалардың отбасы мүшелерімен кездесіп, ата-анасымен кездесу барысында отбасы мүшелерімен бүгінгі күнде елімізде өзекті болып отырған «өгей әке, өгей шеше» мәселесі жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларға Қазақстан Республикасының Заңнамалары, мектептің ішкі тәртіп Ережесі айтып түсіндіріліп, ата-ана мен баланың құқығы, міндеттері, әрбір ата-ана немесе заңды тұлға бала кәмелет жасына толғанға дейін оның тәрбиесіне, сапалы білім алуына тікелей жауапты екендігін    түсіндіру жұмыстары жүргізілді.