«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ»
6.12.2023ж. № 8 жалпы орта білім беретін мектебінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты» жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша-10 желтоқсан аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шарада әйелдердің құқығының қорғалуы, олардың қоғам алдындағы дәрежесінің сақталуы аясында заңда көрсетілген ережелер түсіндірілді. Сонымен қатар психологиялық тұрғыдан зорлық - зомбылық көрген әйелдерді қалай анықтау және оларға дер кезінде қандай көмек көрсету керектігіне тоқталып. Мектеп ұжымының педагогтеріне «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында әзірленген парақшалар мен жадынамалар таратылды.
Іс-шараның басты мақсаты:әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және оған қарсы күрес, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту үшін қабылданған шаралармен таныстыру болып табылады.
