"Мектепке апарар қауіпсіз жол" » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » "Мектепке апарар қауіпсіз жол"
09
April
2025

"Мектепке апарар қауіпсіз жол"

"Мектепке апарар қауіпсіз жол" жобасы аясында оқушылардың мектепке барар жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 8 сәуір күні мектеп маңындағы қауіпті аймақтарды анықтау бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Тексеріс жұмыстарына  мектеп инспекторы А.Манызқызы қатысты. Қауіпті саналатын жол учаскелері қайта қаралып, олардағы жағдай зерделенді. Тексеру нәтижесінде бірқатар учаскелерге "Қауіпті аймақ" ескерту белгілерін орнату және жаңарту қажеттілігі анықталды.

Аталған іс-шаралар шеңберінде ескі "Қауіпті аймақ" тақтайшалары жаңартылып, тиісті орындарға жаңалары орнатылды. Бұл жұмыстар оқушылардың қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылды.