Рейд
№8 ЖОББМ-де жасөспірімдердің қараусыз, қадағалаусыз қалмауын алдын алу мақсатында 2024 – 2025 жылының ІІІ тоқсандағы мобильдиік топтың атқарылған іс шаралар туралы
АНЫҚТАМА
Прокуратура АІІБ-і мен АББ бірлескен мобильдік топ жоспарына сәйкес оқушылардың сабақ уақытысында және түнгі мезгілде көшеде бей-берекет жүрмеуін қадағалап, құқық бұзушылық іс-әрекеттерді болдырмауды оқушыларды жалпыға бірдей оқумен қамту барысында және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында № 65 бұйрыққа сәйкес күндізгі және түнгі рейдтерге жауапты мұғалімдер наурыз айында орталық базары, жанарMay бекеті төңірегінде өз жұмыстарын жүргізді. Күндізгі рейд барысында сабақ уақытысында ата-анасының қарауынсыз жүрген оқушы анықталған жоқ.
Түнгі рейд кезінде кешкі сағат 21.00-ден 23-00 дейін директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Б.МАмбеталиев мектеп инспекторы Е.Оспанбеков және ата-аналар комитетінің мүшесі М.Жұмағұлов пен бірлесе жүргізген рейд кезінде ақпараттар жазбаша түрде директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Б.Мамбеталиевке тапсырылды. АІІБ-нің тапсырмасына сәйкес жасөспірімдер тобы жиналған орындарда қоғамдық тәртіпті күзетпен қамтамасыз ету, сондай ақ көңіл көтеру және де басқа да орындарда кәмелетке толмағандар арасында немесе соларға қатысты құқық бұзушылықпен қылмысты, алкоголь, темекі және басқа да зиянды заттар мен ішімдіктерді қолдануға рұқсат етпеуге жұмыс жасап жүрген кәмелетке толмаған балаларды анықтау мақсатында түнгі уақытта бос жүрген, сабаққа мектепте тіркелмеген, есірткі және психотропты заттарды қолданып жүрген, жанұя жағдайы төмен, жайсыз отбасынан шыққан оқушыларды анықтау мақсатында профилактикалық рейд өткізілді. Іс-шара нысаны «Гранитогор» ауылы. Іс-шара өткізілу мақсаты қауіпті топтардағы жүрген балаларды анықтау мақсатында мектеп мұғалімдері және АІІБ-ң қызметкерлерімен бірлескен ұжым рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд мақсаты: қараусыз қадағалаусыз қалған, мектепке барMay жүрген, сабаққа қатыспай жүрген, мектепте тіркелмеген балаларды анықтау, және оларды мектепке қайтару іс-шараларын ұйымдастыру. Жоғарыда атап өтілгендей фактілер рейд барысында анықталған жоқ. Балалардың мектепке бармауына кінәлі тұлғалар (жалпы мәлімет беретін және жүйелі түрде оқудан қалатын балалар жайлы фактілерді жасыратын, балаларды мектепке анықтаудан бас тартқан ата-аналар,бала еңбегін пайдаланып жүрген жұмыс берушілер анықталған жоқ.
Қараусыз қадағалаусыз қалған, мектепке барMay жүрген, сабаққа қатыспай жүрген, мектепте тіркелмеген балаларды анықтау, және оларды мектепке қайтару мақсатында рейд өткізу барысында түнгі, күндізгі уақыттарда,көшелерде,орталық базарда, кафелерде жұмыс жасап жүрген балалар анықталған жоқ.
Рейдке қатысқандар: АІІБ-ң қызметкері Е.Оспанбеков, №8 ЖОББМ ДТЖО Б.Б.Мамбеталиев, дене тәрбие пән мұғ: К.К.Агибетов, тарих пәнінін мұғалімі Е.Е.Акылтанов.
Ұсыныс:
1.Алдағы уақытта да, оқушылардың тәртіптерін қадағалап, түнгі уақытта жүрмеуіне бақылау жасап, үнемі рейд жүргізу жұмысы жандандырылсын
2.Рейд кезінде анықталған оқушылардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартып, ескертулер жасалынсын.
Мектеп директоры: С.К.Рахаев
Орын:Б.Б.Мамбеталиев