«DosbolLIKE» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
24
January
2024

«DosbolLIKE»

          Қазақстан Республикасының оқу ағарту министірлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысымен бекітілген Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау,суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар аясында білім беру ұйымдарындағы «DosbolLIKE» балаларды қорлаудың алдын алу бағдарламасына сәйкес №8 ЖОББМ-де Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау , Суицид, Бала құқығы тақырыптарында 1-11 сынып білім алушыларымен сынып жетекшілері құқықтық тәрбие сағаттарын өткізді. 

Мақсаты: Зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы,адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру. 

    Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.

   Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу

  Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.

Зорлық-зомбылық түрлері айтылды.

 «Суицид –тығырықтан шығар жол емес», тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп, оқушылар   көптеген мәлімет алып, өз ойларындағы сұрақтарына жауап алды.

Отбасындағы ата-ананың және мектептегі ұлағатты ұстаздың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгісі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны болып табылады.