" Өрт қауіпі орын алған жағдайда Азаматтық қорғаныс құрылымдарының
24 мамыр 2024 жылы мектебімізде өртке қарсы жаттығулар өткізілді Тақырыбы: " Өрт қауіпі орын алған жағдайда Азаматтық қорғаныс құрылымдарының іс- қимылдарын жетілдіру". Жаттығулар мектебіміздің Азаматтық қорғанысының жоспарына сәйкес өткізілді. Жаттығу барысында мектеп ұжымы қауіпсіз жерге эвакуацияланып, АҚ құрылымдары өз міндеттерін орындауға даяр екендігін көрсете білді. Жаттығу соңында АҚ штабының отырысында жаттығу нәтижелері талданып, "жақсы" деген баға берілді.