« Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары»
Мектепте 16, 17сәуір күндері 1- 11 сыныптарда төтенше жағдайлар,оның ішінде қауіпті су жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру мақсатында «Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс.