КазНАИУ профессорлармен кездесу
2023 жылдың 17 қаңтар күні №8 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушыларына арналған Кәсіптік бағдар беру маманы А.Т. Акшамованың ұйымдастырумен Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің профессоры Б.Р. Сайкенов және біздің жерлесіміз аға оқытушы Ж.М. Есенбаевамен кездесу өтті. Аталған Университет бойынша конкурсқа берілетін квоталар туралы, оқу ақысы, әскери кафедра жайында айтылды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары қойған сұрақтарына қанағаттандырарлықтай жауап алды.