15
февраль
2023
«Жомарт түлек» жобасын іске асыру бойынша мектеп оқушыларымен өткізілген форум
Ақпан айының айының 15 күні «Жомарт түлек» жобасы бойынша форумы өткізілді. Жобаның мақсаты: мектепке демеушілік көмек көрсету, «Жомарт түлек» форумын мектеп директоры Рахаев Серік Қамшыбекұлы ашып, форумның маңызына тоқталды. Жамбыл облысы Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округына қарасты Гранитогор елді мекенінде орналасқан № 8 жалпы орта білім беретін мектебі - Егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтуда игілікті істерімен тәуелсіз Қазақстан құру жолында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, “Тylек KZ “жобасы бойынша мектеп түлектерінің «Мектебіме тағзым» атты акциясы жалғасуда.
Бүгінде ірі кәсіпкерлікте жүрген түлектеріміз өздері білім алған, мектепке - "ТҮЛЕКТЕР ТАҚТАСЫ" стендін жасап және мектептің дәлізін соңғы үлгідегі дизайнмен безендіріп берді.Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан мектеп жанынан кіші футбол алаңын салып, бастау алған жыл бойы жалғасатын акцияның мақсаты; мектеп түлектерінің білім ордасының өміріне бей-жай қарамай, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, алғыс сезімдерін қалыптастыру. Өз мектептерінің дамуына үлес қосып, қолдан келгенше қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп жатқан түлектер оқушылармен тәрбие жұмысында да оң әсерін тигізеді. Тіпті акцияға қатысудың өзі туған мектебіне көмек көрсетудің керемет үлгісі. Патриоттық сезімнің үздік үлгісі - туған жеріне, мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет көрсету. Әрбір азаматтың өмірінде табысқа жетуі туған мектеп пен мектеп мұғалімдеріне қарыздар деп айтуға болады. Сол себепті түлектеріміздің алтын ұя мектептерін естен шығармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы көңіл қуантады.
Басты мақсат – түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген елімізге белгілі түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету.
Форумға мектебіміздің түлектері Жатқанбаев Дәурен, Тескеналиева Назгуль, Амиров Асет, Дөненбаев Елжан келді. Түлектер өздері оқыған осы мектеп туралы өз ойларын айтып өтті.Оқушыларда өздерінің сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алып отырды.
«Жомарт түлек» форумы бойынша түлектер мектепке демеушілік көрсетіп, мектепке төмендегідей 3 шахмат стөлін, орындықтарымен алып беретіндерін айтты. Оқушылар Жомарт түлектерге ризашылық таныта отырып, алғыстарын білдірді.
Алдағы уақыттарда да Жомарттық –жанның байлығы. Жомарттық -қазақтың төл мінезі сынды. Жақсылық жасауды көңілі қалайтын азаматтарымызға алғысымыз шексіз, дей отырып, алдағы уақытта да «Жомарт түлек» жобасы жалғасын табады.
Әрбір азаматтың өмірінде табысқа жетуі туған мектеп пен мектеп мұғалімдеріне қарыздар деп айтуға болады. Сол себепті түлектеріміздің алтын ұя мектептерін естен шығармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы көңіл қуантады. Түлектерімізге мың алғыс!деген сөзермен іс-шарасы өз мәресіне жетті.
Орындаған: Раманкулова Д.Е.