Джон Голландтың «Тұлғаның типтерін анықтау» әдістемесі 9а,б.
Джон Голландтың «Тұлғаның типтерін анықтау» әдістемесінің
А Н Ы Қ Т А М А С Ы
Мерзімі: Қантар 2024 жыл.
Кәсіби-тұлғалық типті бағалау мен тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау үшін Джон Голландтың әдістемесі қолданылады.
Мақсаты : Кәсіби бағдар бойынша білім алушылардың тұлға типтерін және психологиялық тұрғыда мамандық таңдау бойынша үлкен жетістікке жеткізе алатын болжамын анықтау.Ол тұлғаның 6 типін анықтауға арналған.
Қатысушылар: Барлығы: 9 а, б.- 22оқушы
Қатысқаны: 19 оқушы
Тест қорытындысы бойынша қатысқан оқушылардың кәсіби -тұлғалық типін анықтау тестінің сараптамасы төмендегідей.
Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары: мамандық және оның қажеттілігі туралы білу, бейімділіктерін, қабілеттерін, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер) ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау, айналасындағылардың көзқарасы және жеке кәсіби жоспар – адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөнінде пайымдар жүйесі
Жұмыс барысында оқушылар тұлғалардың кәсіби типтерінің сипаттамалары таныстырылып, түрлі мамандық жұптары келтірілген сұрақтарға жауап берді. Оқушылар әр жұптағы мамандық түрлерінен өздеріне ұнамды мамандықты таңдап, белгіледі. Зерттеу нәтижесі өңделіп, оқушылардың қай кәсіби типке жататыны анықталып, арнайы кестеге енгізілді.