24
январь
2025
ЗАҢ және Тәртіп!!!
2025 жылдың 24 қаңтар күні Меркі АПБ-нің қызметкері Е. Оспанбеков ЗАҢ және ТӘРТІП акциясы аясында № 8 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-11 сынып білім алушылары арасында «Зорлық-зомбылыққа қатысты буллинг, кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Б. Мамбеталиев 9-10 сынып оқушыларына зорлық-зомбылық туралы кеңінен ақпарат беріп, оқушылардың жас және мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты өзара келіспей қалуы, әзілдесу, қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының салдары тіпті төбелесуге алып келетінін түсіндірді. Сондықтан оқушыларды сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге, дұрыс қарым-қатынас орнатуға шақырды. Сонымен қатар оқушылар арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылықтардың алдын алу бойынша түсіндіріліп айтылды. «Жас полиция» көмекшілері "Кибербуллинг, буллинг дегеніміз не? Буллинг түрлерін айтып, әлеуметтік желілерде келемеждеуге қалай тосқауыл қоюға болатыны және алдын алу бойынша кеңестер берілді. Іс-шара барысында білім алушыларға бос уақыттарын ұялы телефонмен өткізбей, кітап оқуға, түрлі үйірмелерге қатысуға шақырды.