"Кітапханаға саяхат"
Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу. Кітапханамен танысу, кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыру.Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапхана кеңістігін шарлауға үйрету, кітапхананы пайдалану ережелерін үйрету. Кітапханаға экскурсия, кітапхананы пайдалану ережелері, қормен, тақырыптық сөрелермен, кітап көрмелерімен танысу, бастауыш сыныпқа арналған кітапханада бар мерзімді басылымдарды қарау.