Біз туралы » Страница 51 » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Әліппемен қоштасу»  мерекелік кеш
17
январь
2022
«Әліппемен қоштасу» мерекелік кеш
Мақсаты:  Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.  Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;  Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу . № 8 ЖББОМ-де 1 «А», «Б» сыныптарында Әліппемен қоштасу кеші өткізілді. Мектеп кітапханасынан балаларға сыйлық кітаптар таратылды. 
:   «Шерхан Мұртаза – 90 жыл»  кітап көрмесі
17
январь
2022
: «Шерхан Мұртаза – 90 жыл» кітап көрмесі
Мақсаты: Кітап арқылы саяхаттау ақынның шығармаларына оқушылардың қызығушылығын арттыру. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. 17.01.2022 ж кітапханашыХ.Д. Керимкулованың Шерхан Мұртазаның  -90 жыл
"Ұлы дала баласы" Республикалық білім сайысына қосқан үлесі үшін
13
январь
2022
"Ұлы дала баласы" Республикалық білім сайысына қосқан үлесі үшін
    Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған "Ұлы дала баласы" Республикалық білім сайысына қосқан белсенді әрі нәтижелі үлесі үшін мектебіміздің мұғалімдері Құрмет грамоталарымен мараппатталды.
«Д.А.Қонаев»  кітап көрмесі
12
январь
2022
«Д.А.Қонаев» кітап көрмесі
Мақсаты:   Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.  Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту. 
:   «Оқуға құштар мектеп»
27
декабрь
2021
: «Оқуға құштар мектеп»
Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.  Оқуға құштар жобасы аясында ай сайын оқушылармен кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында кітапханашы Х. Керимкулованың  ұйіымдастырумен өткізіліп отырылады.
«Шота Аман Ыдырысұлы Уәлиханов 90 жыл» көрме
20
декабрь
2021
«Шота Аман Ыдырысұлы Уәлиханов 90 жыл» көрме
Мақсаты:  Е ліміздің басты символы - Мемлекеттік Елтаңбаның, Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің авторы, сәулетші, ақын, ғалым әрі қоғам қайраткері Шота Аман Ыдырысұлы Уәлиханов өміірбаяянымен таныстыру. Мектеп кітапханасында Еліміздің ьасты символы Елтаңбаның  авторы жайлы таныстыру жұмысы жүргізілді. Оқушылар өздеріне керекті  мәліметтерді алды.    
"Шығармашыл жас маман" атты мектепалды даярлық сынып педагогтерінге арналған байқау
20
декабрь
2021
"Шығармашыл жас маман" атты мектепалды даярлық сынып педагогтерінге
    "Шығармашыл жас маман" атты мектепалды даярлық сынып педагогтерінге арналған байқауға мектепалды даярлық тобының мұғалімі Ерболатова Роза Тлектесовна қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
«Желтоқсан жаңғырығы» көрме
15
декабрь
2021
«Желтоқсан жаңғырығы» көрме
Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.  Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.  Оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
:  «Жан жарасы -Желтоқсан» желтоқсан оқиғасына – 35 жыл көрме
15
декабрь
2021
: «Жан жарасы -Желтоқсан» желтоқсан оқиғасына – 35 жыл көрме
Мақсаты:  Желтоқсан көтерілісінің  сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында  талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың  дүниетанымын кеңейту
:   «Тәуелсіз ел тірегі » ҚР  Тәуелсіздігіне– 30 жыл  көрме
15
декабрь
2021
: «Тәуелсіз ел тірегі » ҚР Тәуелсіздігіне– 30 жыл көрме
Мақсаты:  Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.  — Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.  — Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.