«Bookcrossing» кітап көрмесі
27. 09.22 ж. мектеп кітапханашысы Керімқұлова Х.Д.-ның ұйымдастыруымен Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Bookcrossing» кітап көрмесі өткізілді.
Біздің рухани құндылықтарымызға жетер баға бар ма?! Бізді өсірсе, рухымызды биіктетіп, мәдени деңгейімізді биіктетсе, сол ұлы күштің бір ұлы қайнары осы рухани қазынада жатқан жоқ па?! Осыдан біраз жылдар бұрын, Алматыдағы Ұлттық кітапхананың аумағында «Саяхаттаушы кітаптар кітапханасы» немесе Буккроссинг жобасы ашылған еді. Буккроссинг (ағылшын тілінен аударғанда, «кітаптың айналыста жүруі») идеясын интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған болатын. Жарты жылдан кейін, оның сайтында еркіндікке жіберілген кітаптың жолын жалғастырған 300 белсенді пайдаланушы тіркелді. Буккроссинг «өзің оқы да – басқаға бер» қағидасына негізделген қарапайым іс-әрекеттен тұрады. Мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, кітап оқуға тарту. Біз өз кітаптарымызды оқырман оқуы үшін оларды сөрелерде қалдырамыз. Әрбір адам сөредегі кітапты алып, орнына басқа кітап қалдыруына болады. Буккроссинг адамдардың кітапқа және кітап оқуға деген қатынасын өзгертеді. Оның мәні – кітаптардың сөрелерде шаң басып жатпауы, басты мақсаты – пайда әкелу! Басқаша айтқанда, бұл жанды кітапхана болып табылады. «Буккроссингтің» бір ерекшелігі – біздің жастар өзінің оқыған кітабын басқа кітаппен алмастырады.
