Ғ.Мүсірепов - 120 жыл » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2022

Ғ.Мүсірепов - 120 жыл

1.03. күні  мектеп  кітапханашысы  Керімқұлова Х.Д.-ң «Ғ.Мүсірепов-120 жыл»  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне 8-10 сыныптар қатыстырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты: ақынның шығармаларына кітап арқылы саяхаттау, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Ақынның шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстырылды, бейнефильм көрсетілді.

Ғабит Мүсірепов (1902–1985)22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, «Жаңажол» ауылында дүниеге келген. 

Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958). Социалистік Еңбек Ері (1974). Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныды

1916 жылы екі  кластық  ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт  жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 

1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне  (рабфакқа) түсіп, онда үш  жыл оқыды. С.Сейфуллинмен танысты. 

1926 жылы рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында бір жыл оқып, 1927–1928 жылдары Бурабай техникумында оқытушылық  қызмет атқарды. Тұңғыш шығармасы – «Тулаған толқында»  повесін осы тұста (1927) жазды. Он жыл бойы баспа  орындарында, кеңес, партия мекемелерінде жауапты қызметтер (баспа директоры, «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Өнер істері басқармасының бастығы қызметін) атқара жүріп, әдеби шығармашылығын үдете түсті. 

1938–1955 жылдары бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды.