Семинар-практикум "Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу мақсаттарының жүйелілігі" » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар-практикум "Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу мақсаттарының жүйелілігі"
23
январь
2023

Семинар-практикум "Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу мақсаттарының жүйелілігі"

2023 жылдың 23 қаңтар күні мектебімізде аудандық деңгейдегі "Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу мақсаттарының жүйелілігі" тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мырзабаева Б.А. 6 "Б" сыныбында, Парманкулова Л.Ж. 9 "Б" сыныбында ашық сабақтарын көрсетті. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Ашық сабақтан кейін мектебімізде жұмыс істеген, зейнетке шыққан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тойлыбаев Д.С. арналған бенефис өтті. Бенефисте Тойлыбаев Д.С. зейнетке шығуымен бауырлары, отбасы, оқушылары, замандастары, семинарға келген мұғалімдер құттықтау сөдерін айтты, сыйлықтарын берді. Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы А.А. Алтынбаева өз құттықтауын жолдады. Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері З. Досмуханбетова ашық сабақ көрсеткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мырзабаева Б.А., Парманкулова Л.Ж. сертификатпен марапаттады. Семинар-практикум жоғарғы деңгейде өтті.