13
июнь
2022
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны аясындағы түнгі рейд
Мектепте «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өз кезегімен атқарылуда. Осы жоспар аясында жазғы демалыс кезінде бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмаумен қатар рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Әкімшілік, сынып жетекшілер және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері атсалысып «Отбасылық зорлық- зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» сияқты кең ауқымды рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.


