01
июнь
2022
"Бақытты бала- бақытты ел" атты жаздық лагерьдің ашылуы
Мектебімізде 1- маусым балалар күніне орай "Бақытты бала- бақытты ел" атты жаздық лагерьдің ашылуы өткізілді. Мерекелік іс-шараға Андас батыр ауылдық округінің әкімі Қожамберді Думан Мақсұтұлы балаларға тілек айтып, балмұздақ таратты. Ақсақалдар алқасының мүшесі- Бербаев Ерболат ата жылы лебізін білдірді. Ата- аналар комитеті Нартаев Нұрлан Омарбекович, Ауыл тұрғыны Жандаралиев Аязбек ата өз тараптарынан балаларға балмұздақ сыйға берді. Ашылу салтанатына балалардың көңілдерін көтеру мақсатында ауданнан сайқымазақтар шақырылып өз өнерлерін көрсетті.
