Рейд
№8 ЖОББМ-де 2025 жылдың ақпан айында жүргізілген рейдтердің қорытындысы бойынша
АНЫҚТАМА
Мақсаты: Оқушылардың сабақ уақытысында және түнгі мезгілде көшеде бей-берекет жүруін қадағалап, құқық бұзушылық іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында ата-аналар қауымдастығы АІІБ-ЮПТ-ң қызметкері Е.Оспанбековпен бірлескен іс-шара өткізілді.
Оқушыларды жалпыға бірдей оқумен қамту барысында ақпан айында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейдтерге жауапты мұғалімдер өз жұмыстарын жүргізді.
Күндізгі рейд барысында сабақ уақытысында ата-анасының қарауынсыз жүрген оқушы анықталған жоқ.
Түнгі рейд кезінде кешкі сағат 19.00-ден 23-00 дейін директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Б.Мамбеталиев, мектеп инспекторы Е.Оспанбеков және дене шынықтыру пән мұғалімдерімен бірлесе жүргізген рейді кезінде қараусыз қадағалаусыз қалған, мектепке бармай жүрген, сабаққа қатыспай жүрген, мектепте тіркелмеген балаларды анықтау, және оларды мектепке қайтару мақсатында рейд өткізу барысында түнгі, күндізгі уақыттарда,көшелерде,орталық базарда, кафелерде жұмыс жасап жүрген балалар анықталған жоқ.




