«Кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу»
№8 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 4 ақпанында «Кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу»,«Жол көлік қауіпсіздігі,жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушілікке» тақырыптарында білім алушылар арасында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік ережелері мен құқық бұзушылықтың,мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу.Кездесуге Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Е.Оспанбековпен пен ДҚТЖО Б.Б.Мамбеталиев қатысты.Кездесу барысында оқушыларға сабақтан себепсіз қалмауын, себепсіз қалған жағдайда ҚР ӘКБТК-нің 127-б 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке 10АЕК, яғни 36920тг айыппұл салынатынын айтты. Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік ережелері мен кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың,мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу,балалар қауіпсіздігіне арналған ережемен таныстырып өтті.
Қойылған сұрақтарға құқықтық ақпарат толық беріліп,мазмұнды жауаптар алынды.

