Рейд » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2024

Рейд

№ 8 жалпы орта білім беретін мектепте кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мезгілсіз жүруін анықтау мақсатында жүргізілген рейд   іс-шарасы туралы

АНЫҚТАМА

                        Мектептің рейд жұмыс жоспарына сәйкес 2024-2025 оқу жылының қазан айында гранитогорск елді мекенінде кәмелетке толмағандардың мезгілсіз жүруін анықтау мақсатында қазан айының демалыс күндері мектеп әкімшілігі, мектеп психологтары  дене тәрбие пәнінің мұғалімдері тау бөктеріне күндізгі рейдтер жүргізді. Анықтай келе  келе оқушылардың ата-аналарымен бірге жүргені белгілі болды.  Ата-анасының бақылауынсыз, қадағалаусыз, қараусыз жүрген оқушылар анықталған жоқ. түнгі ауылдағы балалар! акциясына сүйене отырып, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ   полиция капитаны Е7Оспанбековпен бірлескен түнгі РЕЙД  іс- шарасы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілді. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілді. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында оқушылардың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылуы қолға алынып, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған, оның ішінде каникул кезінде өзге де іс-шаралар өткізу көзделді. Рейд алдын алу шарасының басты мақсаты түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруі, оқудан жалтарып қаңғыбастыққа салынуы сияқты, түрлі теріс іс-әрекеттерге барып, түнгі уақытта тойханаларда даяшы болып жұмыс істеулерінің алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, олардың құқықтық сауаттылын арттыру жұмыстарын жүргізу. Мектепте 7-11 сынып оқушыларының   ата – аналарымен кездесу ұйымдастырылып, оларға  ҚР – ң   ӘқбК-ң 127, 442 бабтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушыларымен  күндізгі, түнгі  уақытта   бос жүрген,сабаққа қатыспай жүрген, мектепте тіркелмеген, жанұя жағдайы төмен, жайсыз отбасынан шыққан оқушыларды анықтау мақсатында жедел алдын алу  рейд іс-шарасы жүргізіліп жатқаны түсіндірілді. 


 
Мектеп директоры:                                                                       С.К. Рахаев

Орын:Б.Б.Мамбеталиев