«Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу»
14
октябрь
2024

«Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу»

      Меркі аудандық білім бөлімінің 10.10.2024 жылғы №1399 хатын негізге ала отырып,   ағымдағы  жылдың  11.10.2024 жылы  мектеп директоры С.К.Рахаев оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу күзгі айлығын  10 қазан-10 қараша аралығында өткізу туралы №  бұйрығы шығарылды. Шығарылған  бұйрық аясында  айлық жоспары құрылып , бекітілді. 

   Айлықтың мақсаты: оқушыларды зиянды  әдеттерден бойларын аулақ ұстауға және еліміздің  дені сау шыныққан  азаматтары болып өсуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Есірткі заттарының,нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері,келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру мақсатында 2024 жылдың   қазан  айының 14 күні №8 жалпы орта білім беретін мектебінде 10қазан мен 10 қараша  аралығында өтетін «Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» айлығының ашылуы өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға  зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіріліп, өмірлеріне қауіп тудыратының ескертілді.