
Мектебімізде 5 қыркүйек күні 5 "А" сынып оқушыларымен Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай "Тілім менің - ғасырларға аманат" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының азаматтық тұлғасын таныту арқылы туған еліне, жеріне, тіліне, тарихына сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.