«Мектебім-мейірім мекенім»
№8 ЖОББМ-де 2024-2025 оқу жылының басталуына арналған 1-қыркүйек-Білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекенім» тақырыбында өткізілген салтанатты жиын туралы
Анықтама
№8 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қыркүйек –Білім күніне орай «Мектебім мейірім мекенім» тақырыбында 2024 жаңа оқу жылының 1қыркүйек –Білім күніне арналған салтанатты жиыны өткізілді. Сатанатты жиында мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1- сынып оқушылары мен мектеп түлектері өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды. Мектеп директоры Рахаев Серик Қамшыбекұлы мектеп ұжымын, ата- аналарды, 1-сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты жиынға келген қонағымыз Андас батыр ауылдық округының әкімі Султаналиев Н.А.,аудандық білім бөлімінің әдіскері А.С.Думан, да оқушыларды Білім күні мерекесімен құттықтады. Жас бүлдіршіндердің ата-аналарына құттықтау сөз беріліп, ата-аналар өздерінің тілектерін айтты.
Білім күніне арналған салтанатты жиын өз дәрежесінде өткізіліп, әр сынып оқушылары Білім күніне арналған сынып сағаттарына кіргізілді.
