Досыңа қуаныш сыйла » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Досыңа қуаныш сыйла
21
июнь
2024

Досыңа қуаныш сыйла

    №8 ЖОББМ мектеп жанынан ашылған сауықтыру лагерінің  «Алтын балалық шақ» декадасының аясында ұйымдастырылған жоспарға сәйкес 12 маусым күні «Досыңа қуаныш сыйла» тақырыбында  өтті.  Сабақтың мақсаты оқушыларға адамның бойында болатын болашақ өміріне пайдалы достық сезімнің қасиетті де қастерлі сезім, жақсылықтар жиынтығы екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, достық қарым қатынастарын, бір-біріне деген сыйластығын, сүйіспеншілігін арттыру.

Досқа деген адалдық сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

   Тақырып аясында дос қандай болу керек? деген сұраққа жауап іздей отырып, топтастыру стратегиясын құрастырды. Досым саған рахмет!   тақырыбында эссе жазып, берілген жағдаяттардан шығу жолдарын айта білді.

Мұғалімі : Смагулова Ф.К.