"Сүйікті кітаптар " » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сүйікті кітаптар "
05
июнь
2024

"Сүйікті кітаптар "

Күні: 05.06.2024ж.

Тақырыбы: "Сүйікті кітаптар "

№8 ЖОББМ мектеп жанынан ашылған сауықтыру лагерінің «қызықты қазақ тілі» үйірмесінің  үшінші күні.Ұйымдастырылған жоспарға сәйкес 5 маусым "Сүйікті кітаптар " күні. Сабақтың мақсаты  келешек ұрпақтың сана сезім, рухани ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Кітапты оқуға баулу білім көзі кітапта екенін түсіндіру.

   Сабақ 5 бекеттен құралды:  1-бекетте «Сүйікті» яғни оқушылар өздерінің сүйікті заттарымен бөлісті. Мәселен сүікті кейіпкері,  сүйікті жануары, сүйікті тағамы т.б. 

2-бекетте жұмбақтар шешу. 3-бекет «әріптерден  сөз құра» 4-бекет «мақал-мәтел шешу». 5-бекет викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдады. Оқушылар сабақ кейіпкері - кітап туралы көптеген ақпараттармен алмасты. 

Мұғалімі : Смагулова Ф.К.