30
апрель
2024
«Көп ұлтты, тату елім — Қазақстан!»
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Көп ұлтты, тату елім — Қазақстан!» атты ұлттар достығы фестивалі
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында мектепте жылдық тәрбие жоспарына сәйкес 2-9 сыныптар аралыңында «Көп ұлтты, тату елім — Қазақстан!» атты ұлттар достығы фестивалі өтті. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан бұл мейрамның маңызы зор.


Достық фестивалінің мақсаты оқушыларға мемлекеттің өркендеуі мен дамуы ең бірінші мемлекеттің ішкі ынтымағына байланысты екенін ұғындыру. Оқушыларды ұрпақтан ұрпаққа беріліп, қанымызға сіңіп кеткен қазақтың кеңпейілділігі, мейірбандығы, мен адалдық қасиеттерін жоғалтпай дамытуға, кез келген ауытпалықтан бірліктін арқасында жеңіп шығуға болатындығын түсіндіре отырып тәрбиелеу.

