«Наурыз мерекем-Наурыз берекем»
«Наурыз мерекем-Наурыз берекем» волонтерлердің көмек көрсету акциясы 13.03.2024ж.
Волонтерлік іс (лат. тілінен voluntarius — ерікті) – қызметтердің кең ауқымдылығы, ішіне өзара көмектің дәстүрлі пішіндерін және өзіне деген көмектің арттыруы болып келеді. Волонтерлікпен айналасатын адамдарды волонтер деп атайды. Олар ақысыз, ерікті қоғамдық жұмыс атқаратындарға жатады.
Волонтердің еңбегі ақысыз. Волонтерлер – тек альтруистер емес, олар тәжиребе алу үшін, дағдыларды және білімдерді арттыру үшін, дербес қарым-қатынастың қағидаларын білу үшін жұмыс істейді. Көбінесе волонтерлік қызмет – төленетін жұмысқа жол салады, бұл жерде адам өзін жақсы жақтан көрсете алады, өзін әртүрлі қызмет аясында сынап көріп, өмірлік жолын анықтай алады.

Оның мәні – айналамызда шын мәнінде ізгілік пен мейірімділікке мұқтаж жандардың көп екендігінде. Жалпы бұл қоғамдық жұмыстың жастар тәрбиесіне ықпалы зор. Өзгеге қол ұшын созу – адам бойындағы парасаттылық пен патриоттылық сияқты адамдық қасиеттерді сіңіре түседі. Сонымен қатар, осы мақсат жастарды ел дамуында бір мүдде, бір мақсат төңірегінде біріктіретінін де айтқан жөн.