15
декабрь
2023
«Тәуелсіздік тұғырым»
№8 ЖОББМ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай көркем жетекші А.А.Талманов пен мектеп тәлімгерінің жетекшілігімен 15 желтоқсан күні «Тарихқа құрмет» жобасы аясында «Тәуелсіздік тұғырым» атты концерттік іс-шара өтілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы жолында оқушылардың білімін байыту; Патриотизмді, халықтың мәдениеті мен тарихына қызығушылықты, өз Отанына деген махаббат пен мақтаныш сезімін, Қазақстан Республикасының рәміздері мен салт-жораларына, геральдикасына құрметпен қарауды тәрбиелеу;



