Ата-аналарға хабарландыру!!!! » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға хабарландыру!!!!
12
май
2025

Ата-аналарға хабарландыру!!!!

🔔 2024-2025 оқу жылы аяқталуда

📚 Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді.

🏫 Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады. 

🇰🇿 Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі.

📆 Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен  24-ші мамырда өткізіледі. 

❗️ Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз.