Мектеп тарихы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп тарихы
01
ноябрь
2022

Мектеп тарихы


Ұлылықтың бастауы -  мектеп.

          Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя.


        Құт қонған қасиетті қарашаңырақтың іргетасы 20.12.2020  жылы қаланған. Мектеп  2 қабаттан тұрады.


Мектептің   статусы: Жалпы орта білім беретін мектеп. 

Жобалық сыйымдылығы:  120 орындық.

 Мектептің ғимараты: мектеп 2 қабаттан тұрады.Жылу жүйесі –қазандық,табиғи газ,электр жүйесі –жеке трансформатор, су құбыры –орталықтандырылған.

  Оқушы саны: 1-11 сыныптарда  206 оқушы..

Оқыту тілі: аралас /қазақ,орыс/

Материалдық –техникалық жабдықталуы: компьютерлік сынып-1, мультимедиялық кабинет-2, спорт зал-1, шеберхана-1, кітапхана-1,кітап қоры -10812,оқу кітаптары-7336, 

негіз көркем-3476, асхана -1,медкабинет-1.


          Қызығы мен қиындығы қатар жүрген мектеп өмірінде талай өзгерістер болып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.


 Педагогтардың жалпы саны: жалпы мұғалім саны-53

 Оның ішінде: жоғары білімді -50

  орта арнаулы білімді-3

  Зерттеуші-9 

-бірінші санатты мұғалімдер-1

 сарапшы-8

-екінші санаты мұғалімдер-2

  Модератор-15

  -санаты жоқ мұғалімдер-18

 Жас мамандар саны-7        


Кіші қызметкерлер-26

                               Мектептің рәміздері


Елтаңба – адамгершілік пен ізгіліктің,


Ту – жетістікке жетудің белгісі.


Н.Ә.Назарбаев


        Мектептің Туы  - ортасында мектеп Елтаңбасы, тікбұрышты төрт түстен тұратын мата. Ені мен ұзындығының арақатынасы - 2,20:1,75.   


Қызыл түс – қозғаушы күштің, күрестің белгісі; білімсіздік пен сауатсыздыққа қарсы күресті білдіреді.

Көк түс - бейбітшіліктің белгісі; соғыссыз, қорқынышсыз өмір мен еркін ойды білдіреді. 

Ақ түс - жайлы түс; мектептегі ахуалдың жайлылығы.

Жасыл түс – жастықтың, махаббаттың белгісі; еліміздің болашағы, жеткіншектердің, гүлденген, бейбіт өмірін білдіреді. 

Тудың ортасында мектептің эмблемасы орналастырылған. Ол еліміздің патриот, рухани бай, қабілетті тұлғасын қалыптастыру жолында еңбек етіп жатқан ұжымды бейнелейді.


Жауқазын гүлі және емен жапырақтарымен көмкерілген  дөңгелек нысанды, қызғылт сары түс аясындағы шұғылалы күн мен жайылған алақан бейнеленген, күннің оң жағында адам бейнесі орналастырылған  

Дөңгелек шар - достық пен бірліктің белгісі.

Қызыл сары түс - жылылықтың белгісі; мектептегі үлкендер мен оқушылардың бірлігі мен достығының нышаны.

Күн - тіршілік көзі

Күн сәулелері - мектеп ошағының оқушыларға берген, беретін білім шуағы

Күнге табынған қол - мұғалімдер мен әлеуметтік қоғамның, оқушылардың достық бірлігінің мектептегі қозғаушы күш екенінің дәлелі және олардың бірі-біріне деген жылы қарым-қатынасы

Адам - өзін-өзі таныта білетін, жан-жақты дамыған тұлға бейнесі.

Жауқазын гүлі – өркениетті дамыған елдегі көшбасшылықтың белгісі.

Емен жапырақтары – қайсарлықтың, батылдықтың, жігерліктің белгісі

Мектептің Елтаңбасы – көк түсті дөңгелек ортасында ашылған кітап пен оқу құрал-жабдықтары бейнеленген.


Дөңгелек шар - достық пен бірліктің белгісі.

Көк түс – біркелкі көгілдір түс бірігу идеясын білдіруші қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады

Жауқазын гүлі – өркениетті дамыған елдегі көшбасшылықтың белгісі.

Емен жапырағы – тегеуірінділіктің, қайсарлықтың, батылдықтың белгісі

Ашылған кітап – білім көзі

Оқу құрал-жабдықтары – мектеп беретін жан-жақты білім

Мектептің Әнұраны.


Сөзін жазған:            М. Әбжанова


Әні:                Ж. Еңсеповтікі


Күн сәулелі менің алтын бесігім,

Ақ тілекпен аштым білім есігін

Ұстаздарым ұлағатты

Өміріме шырақ жақты,


Жүрегімде мәңгі қалар есімің.

Тәрбие мен білім айқын мұратым,

Шәкірт жанын түсінетін, ұғатын.

Қырық сегіз – білім теңіз,


Сенім, үміт, арман егіз                             2 рет

Жұлдыз болып мәңгі жанып тұратын.

Біз шәкіртпіз талапты да талантты

Еркіндіктің елімізде таңы атты.


Ізгіліктің іздеріміз,

Оқу-білім іздеріміз.                                  2 рет

Қазақстан болашағы – біздерміз.






Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 2021-2022 Кітапхана қоры
01 сентябрь 2021 Біздің мектебіміз
03 ноябрь 2022 Мектеп төлқұжаты
28 ноябрь 2018 Мектепке жол