Ыстық тамақты ұйымдастыру » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » Ыстық тамақты ұйымдастыру
08
April
2022

Ыстық тамақты ұйымдастыру

Мектепте барлық оқушыларға ыстық тамақ беру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар әкімшілік пен мұғалімдердің ерекше бақылауында. Барлық мектеп оқушылары тамақтану кестесіне сәйкес екінші және төртінші сабақтардан кейін үзіліс кезінде тамақтанады. Бастауыш мектеп пен 5-6 сынып оқушылары асханаға сынып жетекшілерімен келеді.

Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық, жуу және дез. қаражат жеткілікті мөлшерде. Техникалық жабдықтар мен жинау мүкәммалын таңбалау сақталады. Ас блогының жабдығы бар (2 Тоңазытқыш , электр плиталары). Пышақтарды, тақталарды, шикі, пісірілген өнімдерге арналған үстелдерді таңбалау бар. Қойма үй-жайларында тауар көршілестігі сақталады. Жуу бөлмесінде ыдыс жууға арналған нұсқаулық бар.