Асық ату: "Алшы" ойыны
Алшы ойыны
Ойын тапсырмасы. Ойыншылар сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты көздеп атып асықтарды көп жинауы керек.
Ойын іс әрекеті.Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады.
Ойын ережесі. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.
Құралдар.Асықтар, әр баланың сақасы.