«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу»
Өткізілген күні:20.05.2024 ж.
Тақырыбы: «Бала қауіпсіздігі»
Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі, Мектеп психологтары, Меркі АПБ қызметкерлері Р. Оспанов, Е. Байжуманов,Е.Оспанбеков, 9-11сынып оқушылары;
Күн тәртібінде:
1.Күн тәртібі бойынша Меркі АПБ қызметкерлері Р. Оспанов, Е. Байжуманов,Е.Оспанбеков, оқушылардың «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» бойынша ақыл кеңес түсіндірме жұмысын жүргізді;
2.Мектепте құқықбұзушылықты алдын алуға және білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу;
Тыңдалды:
АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Е.Оспанбеков 9-11сынып оқушыларына : сабаққа міндетті қатысу; Жолда жүру ережелерінің сақталуын; Түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуін; Оқушылардың қауіпті аймақтарда шоғырланбауын; Пиротехникалық жарылғыш заттарды қолданбауын; Судағы қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын;
Сондай ақ, интернет желілерінде кең тарап, телеарна жаңалықтарынан жиі жасөспірімдердің әлімжеттік іс-әрекеттер жасап, аса қатыгездік танытып отырған сәттерін ұялы телефондарының бейне камераларына жазғандықтарын, интернет желілеріне жүктеп, жасаған қылмыстарын халыққа көрсетуге тайынбайтын жасөспірімдердің көбейгендігін айтты.
Мектеп оқушыларына: кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталатындығын, қылмыс жасаған кәмелетке толмаған АПБ-не профилактикалық бақылау есебіне алынып, Ювеналды полиция тобының тарапынан қатаң бақыланатындығын, жоспарға сәйкес, «Жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке» сот шешімімен жіберілетіндігін ескертті. Бөтенмен қарым-қатынас, оның ішінде таныс емес кісілермен кәмелетке толмағандардың өздерін ұстауы, дереу ата-анаға, ұстаздарымен мектеп инспекторына хабар беру қажет екендігін хабарлады.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға АПБ басшысы жауап беріп, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңды сыйлау, әр бір жасаған іс-әректетеріне жауапкершілікпен қарау, нағыз елін сүйген азаматтың міндеттері екендігін жеткізді.
Мектеп инспекторы «кәмелетке толмағандардың арасындағы бопсалаудың алдын алу» бойынша жоғары сынып оқушылары, мектеп бітіріп кеткен оқушылар және өзге мектеп оқушылары тарапынан жасалатын қысым, әлімжеттік қылмыстық қудалауға жататындығын ескертіп, кәмелетке толмағандардың басты міндеті: орта білім алу екендігін жеткізді. «Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алудың бастамасы» - деп көрсетті.

