15
March
2023
Тренинг: "Жүйке жүйесіндегі стресстен психологиялық арылу әдістері"
Жүйке жүйесіне түсетін күшті жеңудің қарапайым психологиялық әдістерін үйрету мақсатында, мектебіміздің бітіруші түлектерімен тренинг жүргізілді.
Тренинг барысында білім алушылармен түрлі психофизикалық қысымнан арылуға бағытталған жаттығулар, бұлшықет релаксациясы, медитация жаттығулары өткізілді. Аталған жаттығулар бітіруші түлектерге UNT алдында пайда болатын стресстен арылудың тиімді әдістері болып табылады.
Сонымен қатар, бітіруші түлектердің мотивациясын арттыруға бағытталған "Өмір ұсынған мүмкіндіктер" атты өсиет әңгіме айтылып, пікіралысу жүргізілді. Білім алушылар өткізілген тренигтен керемет әсер алып, сыныптарында жақсы психологиялық ахуал орнатылды.