«Ата Заңым ардақты» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » » «Ата Заңым ардақты»
31
August
2022

«Ата Заңым ардақты»

Мақсаты: Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты  құжатын құрметтеуге үйрету.

Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы-Конституция.

    Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан  өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

    Қастерлі  құндылығымыздың қағидаттарын  бұлжытпай  орындаудың  нәтижесінде  біз қысқа мерзімде  мызғымас мемлекетімізді   орнатып,  Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болды.