14
March
2025
"Жылдам кітап оқу құпиясы"
«Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Жылдам кітап оқу құпиясы» тақырыбында 2 – 4 сынып оқушылары арасында минутқа оқу жарысы өтті. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу дағдыларын дамыту және мәнерлеп жылдам оқуға бейімдеу. Іс-шара барысында қатысушылар белгілі бір уақыт ішінде мәтінді дұрыс әрі шапшаң оқып шығуға тырысты. Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар жеңімпаз атанып, марапатталды.
