«Лев Гумилев- 110 жыл» кітап көрмесі
Тақырыбы: «Лев Гумилев- 110 жыл» кітап көрмесі
Мақсаты: Орыс тарихшысы , этнолог, географиялық және тарихи ғылымдарының докторының өмірбаянымен, ақындық шығармашылығымен таныстыру.
Кітап көрмесіне Лев Гумилевтың шығармалары, кітаптары, суреттері қойылды.
- От руси до россии
- История народа хунну
- Л.Н.Гумилев Этногез и биосфера земли
Аяулы оқырмандарымызды орыс халқының әйгілі ғалымы Лев Гумилевтің өмірімен қысқаша түрде таныстырмақпыз. Бұл кісі нақты не нәрсемен айналысқан деген сұрақ мазалап, білгіңіз келіп отырса, әңгімені Гумилевтың тарихшы этнолог, тарих ғылымдарының докторы, география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінің аудармашысы болғандығын айтудан бастайық. Николай Гумилев пен орыстың әйгілі ақыны Анна Ахматованың перзенті Лев 1912 жылдың 1 қазанында дүниеге келді. 1930 жылы Ленинград университетіне түсуге тырысқан оны халық жауының ұлы деген желеумен емтиханнан өткізбей тастады. Дегенмен болашақ ғалым оған мойыMay, ғылым жолына өз бетімен түсе берді. Саян, Памир аймақтарына жасалған бірнеше экспедицияға қатысты. 1946 жылы дипломын қорғап, аспирантураға оқуға түседі. 1948 жылы қайта 10 жылға сотталып, бағына орай түрлі себептердің әсерінен 1956 жылы бостандыққа шығады. Лев Гумилев бірнеше жылдан соң, Ленинградқа оралып, докторлық диссертациясын қорғайды. Бұл жұмысы 1967 жылы «Ежелгі түркілер» деген атпен басылып, халыққа жария болды. 1956 жылдан кейін ғалым Ленинград университетінің география факультетінде дәріс оқыды. 1974 жылы екінші докторлық диссертациясын қорғап шығады («Этногенез және жер биосферасы»). Ғалымның көзі тірі кезінде жаңалықтары ресми ғылыми еңбек ретінде бағаланбаған. Гумилев тек қайта құрудан кейін ақталып шықты.