Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу. » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу.
16
февраль
2023

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу.

     16.02.2023 жылы мектебімізде Ауған соғысының аяқталуына 34 жыл толуына орай кездесу өткізілді. Кездесуге ауданымыздың Ауған соғысының ардагерлері ұйымының төрағасы Е.Шолпанқулов, төраға орынбасары Е.Зетқулов және Р.Қарабатыров құрметті қонақтар ретінде шақырылды. Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі Х. Керимқулова көрме ұйымдастырды, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Раманкулованың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өткізілді. АӘ және ТД пәнінің мұғалімі А.Тортаев Ауған соғысы тақырыбында мәліметтер айтып, бейнефильм көрсетті. Сөз кезегі ардагер Е.Шолпанқуловқа берілді. Өз сөзінде құрметті ардагер оқушыларға ақыл кеңес және жақсы тілектерін айтты. Кездесудің соңында мектебіміздің директоры С.Рахаев мектебіміздің ұжымының атынан қонақтарға рахмет айтып, сәттілік тіледі.