14
февраль
2023
Терроризм және жер сілкінудің алдын алу жаттығулары.
14.02.2023 жылы мектебімізде 2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес терроризм және жер сілкінудің алдын алу мақсатында жаттығулар өткізілді. Тақырыбы:"Террорлық актісі немесе жер сілкіну жағдайлары орын алған кезінде мекемедегі Азаматтық қорғаныстың құрылымдары мен ұжымының іс- қимылдарын жетілдіру". Жаттығулар екі кезенде өткізілді. Бірінші ауысым оқушыларына сағат 11:20-да, екінші ауысым оқушыларына сағат 14:20-да. АӘ жәнеТД пәнінің мұғалімі А.Тортаев дабыл сигналын беріп, мектеп ұжымының қауіпсіз аймаққа шығуын қадағалап, АҚ бастығы С. Рахаев мырзаға баянат тапсырды. АҚ бастығы ұжымды жаттығулардың мақсатымен таныстырды. Қорытынды: Мектеп ұжымы, дабыл бойынша қауіпсіз аймаққа шығып, Азаматтық қорғаныстың талаптарын орындауға даяр екендігін көрсете білді.
