"Ата-аналардың тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру "
09.09.2025 жыл Ата-аналардың тәрбие мәселелеріндегі педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында педагог - психолог Л.Н.Ковалева, ДҚТЖО Б.Б.Мамбеталиев пен әлеуметтік педагог Л.Парманкулова Оқушылардың ата -аналарымен кездесу өткізді.
Бала тәрбиесі- бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болMayды»- демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс –жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері анық. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала- ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Барлық өнеге жанұядан тарайды.
Ынтымақтастықтың жалпы мақсаты әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе отырып қарастыру. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екенін түсіндіру, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық, достық қарым қатынасты қалыптастыру. Осы мақсатта мектебімізде іс-шара жоспарланып, жұмыс жүргізілді.
