05
September
2025
«Үйге жол!»
№8 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылар мен ата-аналарға арналған «Үйге жол!», тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жол ережесін сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметінің қандай екенін үйрету мақсатында бастауыш сынып оқушыларының сынып дәлізінде жол ережесіне арналған бұрыш бар.
2025 жылы 5 қыркүйек күні жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету, балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу мақсатында жоспарға сәйкес түсіндірме жұмыстары өткізіледі.

