«Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » «Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу»
14
февраль
2025

«Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу»

«Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу» атты  айлығының іс-шараларының жоспарына сәйкес ағымдағы 14 ақпан күні білім алушылар арасында «Кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктері және   профилактикасы»  тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтық білімдерін дамыту, оқушылардың  бойына заңға  құрметпен қарау, адамгершілік  түсініктерін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында тақырып бойынша кеңінен ақпараттар беріліп, қатысушылар тарапынан көңілге қонымды пікірлер айтылды. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса,  ол құлдырайды, яғни келешегі болMayды. Мұны ежелден түсінген адамдар қоғамда тәртіп орнатудың амалдарын қарастырған. Дегенмен қоғамда керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім адамдар кездеседі. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын алады. Заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Дөңгелек үстелге 22 оқушы қамтылды.