«Қариялы ел-қазыналы ел»
№8 ЖОББМ-де «Жас Ұлан» және «Өзін-өзі басқару» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастырумен«Қариялы ел-қазыналы ел» тақырыбында өткізілген мектепшілік акция туралы
Анықтама
"Қариялы ел- қазыналы ел" атты тақырыпта №8 жалпы орта білім беретін мектебінде 10 «А» сынып оқушылары барлық ата- әжелерді 1- қазан -Қарттар күнімен жылы жүрекжарды лебіздерімен құттықтап, даналық қасиеттеріне, ерен еңбектеріне үңіліп, құрметпен баянды бақыт, мәнді өмір тілейді және мақтан тұтады. Біз қарияларымызды аялап,оларға барынша қамқорлық көрсетіп, көмектесуге қашанда дайынбыз. Әр мереке сайын азда болса, кішігірім сыйымызбен, жылы лебізімізді білдіруді жөн көреміз. Оқу орынынан тыс, кез-келген жерде, ауылымыздағы қариялардың үйіне барып көмек беріп тұрамыз. Қариялардың houseшаруасымен,сыртта дала жұмыстарымен де қол ұшын созуға дайынбыз. Қарттарымыздың ауласын сыпыру немесе ауыр жүкпен көмектесу бізге мүлде қиын емес, себебі егер қарттарымыздың асыл, жанашыр үлкендеріміз болмаса, бізге де бәрін түсініп, білу қиындық туғызатын еді.