10
September
2024
Ауыл олимпиадасының өткізілу жайы
ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (бастапқы) кезеңі.
Ауылдық жерде орналасқан мамандандырылған білім беру ұйымдарынан басқа, ауылдық жердегі мектептердің 9-11(12) сыныптарында оқитын барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
бірінші кезең (бастапқы) – қыркүйек айы;
екінші (аудандық) – қазан айы;
үшінші (облыстық) – қараша айы;
төртінші (республикалық) – ағымдағы жылдың желтоқсан айы.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы екінші рет өткізіледі. Аталмыш бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы шеңберінде өткізіледі.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша, олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев атап өткендей, мұндай ауқымды шараның өткізілуі – еліміздің бүкіл оқу-ағарту саласының жетістігі мен жоғары мәртебе.
«Пәндік олимпиада – балалардың санасында алғашқы ғылыми ізденістерге жол салатын, болашақ ғалымдарды шабыттандыратын, ғылыммен еркін айналысатын жастар тобын қалыптастыратын ең ауқымды бағдарламалық сайыс. Қазақстандық мектеп оқушыларының беделді олимпиадаларға қатысу рейтингі жеңіс қоржынында медальдар санының көбейгенін, білім сапасының артқанын көрсетеді. Сондықтан республикалық олимпиадалардың әрқайсысының сапалы әрі жоғары деңгейде өтуі маңызды», – деп қорытындылады Ғани Бейсембаев.
Айта кету керек, тұңғыш рет өткізілген олимпиадаға еліміздің шын мықты 700 астам ауыл оқушысы қатысқан болатын. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен жоғары оқу орындары ректорларының 69 гранты табысталды.

- Олимпиадаға Қазақстан Республикасының ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11 сынып оқушылары қатыса алады;
- Қатысушылар бірнеше жыл қатарынан олимпиадаға қатысуға құқылы;
- Аталмыш олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары, биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне (қатысқан пәні бойынша) конкурстан тыс қатыса алады (биылғы олимпиаданың барлық кезеңдеріне қатысу міндетті);
- Қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында а.ж. 4-20 қыркүйекке дейін оқитын мектептерінде компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелуі тиіс.
- Толық ақпарат daryn.kz сайтында.