19
June
2024
Сүйікті кітаптар
№8 ЖОББМ мектеп жанынан ашылған сауықтыру лагерінің «қызықты қазақ тілі» үйірмесінде ұйымдастырылған жоспарға сәйкес 19 маусым "Сүйікті кітаптар " күні. Сабақтың мақсаты келешек ұрпақтың сана сезім, рухани ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Кітапты оқуға баулу білім көзі кітапта екенін түсіндіру.
Сабақ 5 бекет арқылы өтті: 1-бекетте «Сүйікті» яғни оқушылар өздерінің сүйікті заттарымен бөлісті. Мәселен сүікті кейіпкері, сүйікті жануары, сүйікті тағамы т.б.
2-бекетте жұмбақтар шешу. 3-бекет «әріптерден сөз құра» 4-бекет «мақал-мәтел шешу». 5-бекет викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдады. Оқушылар сабақ кейіпкері - кітап туралы көптеген ақпараттармен алмасты.
Мұғалімі : Смагулова Ф.К.
