« Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » « Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары»
19
April
2024

« Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары»

     Мектепте 16, 17сәуір күндері 1- 11 сыныптарда төтенше жағдайлар,оның ішінде қауіпті су  жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру мақсатында «Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. 

Оқушылар мен ата- аналар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар!