Заң және тәртіп акциясы аясында ата-аналар жиналысы
№8 ЖОББМ-ның ата-аналар жиналысының өткізілгені туралы
Х АТ Т А М А
№8 ЖОББМ 16.01.2025 жыл
Қатысқандар:№ 8 ЖОББМ-ның мектеп әкімшілігі және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкері және ата-аналар комитеті
Тақырыбы: ЗАҢ және тәртіп акциясы аясында ата-аналармен кездесу
Күн тәртібінде:
№8 ЖОББМ Меркі АПБ қызметкері полиция капитаны Е. Оспанбеков Заң және тәртіп акциясы аясында Zhambyl regionнда орын алып жатқан оқыс оқиғалар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 9-11 сынып аралығындағы оқушылармен және ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру жөнiндегi мiндеттер туралы ақыл кеңес түсіндірме жұмыстарын жүргізілгені туралы.
Тыңдалды:
Мектепт әкімшілігі және Меркі АПБ қызметкері полиция капитаны Е. Оспанбековтың тарапынан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-ана жауапкершілігін арттыру мақсатында
- Кешкі уақытта баланың заңды өкілінсіз жүрмеуін қатаң қадағалау;
- Балалар мен жасөспірімдерді мереке тойлау, ішімдік ішу мен құмар ойындарына, зиянды әдеттерге жетелейтін іс-шаралардан тыю;
- Мектеп және ата-ана тарапынан бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 24/7 бақылауда ұстау;
- Ата-ана тарапынан өзіне-өзі қол жұмсау оқыс оқиғалар жайлы сөз қозғалмауы туралы ақыл кеңес түсіндірме жұмысы жүргізілді.
1-11 сынып оқушылары арасында интернет желілерінде кең тарап, телеарна жаңалықтарынан жиі жасөспірімдердің әлімжеттік іс-әрекеттер жасап, аса қатыгездік танытып отырған сәттерін ұялы телефондарының бейне камераларына жазғандықтарын, интернет желілеріне жүктеп, жасаған қылмыстарын халыққа көрсетуге тайынбайтын жасөспірімдердің көбейгендігін айтты.
АПБ-нің қызметкері Меркі АПБ қызметкері полиция капитаны Е. Оспанбеков кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталатындығын, қылмыс жасаған кәмелетке толмаған АПБ-не профилактикалық бақылау алынып,
Ювеналды полиция тобының тарапынан қатаң бақыланатындығын, жоспарға сәйкес, «Жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке» сот шешімімен жіберілетіндігін ескертті.
Шешім:
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» бойынша Профилактикалық жұмыстар жандандырылсын;
- Кешкі уақытта баланың заңды өкілінсіз жүрмеуін қатаң қадағалау;
- Балалар мен жасөспірімдерді мереке тойлау, ішімдік ішу мен құмар ойындарына, зиянды әдеттерге жетелейтін іс-шаралардан тыю;
- Мектеп және ата-ана тарапынан бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 24/7 бақылауда ұстау;
- Ата-ана тарапынан өзіне-өзі қол жұмсау оқыс оқиғалар жайлы сөз қозғалмауы туралы ақыл кеңес түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жиналысқа төағалық етуші:
Мектеп директоры: ___________ С.К. Рахаев
Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: ___________ Б.Б. Мамбеталиев
Мектеп психологы: ____________ Л.Н. Ковалева
Ата -аналар комитеті ____________ С. Альжанов
Хатшы: ____________ Д. Раманкулова